8(7112) 22-85-97

Мектеп-лицейімізде 8 б сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Эльмира Мұхиденовнаның ұйымдастыруымен мерекеге орай «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тәрбиелік шарасы өтті.

Шараның мақсаты: Оқушылардың аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметке көрсетуге, аналарынан үлгі-өнеге ала отырып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

№41 мектеп -лицейінде 8-наурыз мерекесіне орай мектеп - лицейіміздің директоры Жеңіс Меңдіғалиұлының ұсынысымен жүзеге асқан Қамқоршылық кеңесінің (https://41-mektep.edu.kz/mektep-turaly/kamkorshylyk-kenes) көлемді жобасы «Анама қуаныш сыйлаймын – 2022» марапаттау кеші өтті. Мақсаты: оқушылардың білімділік, тәрбиелік әлеуетін дамытуда ынталандыру жүйесін қалыптастыру; I, II оқу тоқсандары бойынша 5-6 сыныптар арасынан бір ұлмен, бір қыз баладан озат оқушыларды марапаттау.