Мектеп-лицейімізде балаларды қорғау күні мерекесіне орай балалардың білімі мен ынтасын арттыру үшін «Қызықты әлем» тақырыбында fuar ұйымдастырылды.
Мектеп-лицейімізде балаларды қорғау күні мерекесіне орай балалардың білімі мен ынтасын арттыру үшін «Қызықты әлем» тақырыбында fuar ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп жоспары шеңберінде тарих пәнінің мұғалімдері Сатиева Айнур Ержановна мен Жұмағалиева Орынгүл Аманжолқызы оқушыларға қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи кезеңдер соқпағын айта отырып, ел қамын, жұртын сүйе білген тұлғалар туралы ой өрбітіп, деректер келтіріп, тәрбие сағатын өткізді. 9 ә сыныбының сынып жетекшісі Айнұр Қанатқызы оқушыларға сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.
Мектеп-лицейімізде жазғы мектеп жұмысы жоспарға сай,санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып жүргізілуде. Оқушылардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне әртүрлі жұмыс түрлері жұмылдырылған. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары үшін арнайы ойын кабинеті жасақталды.