«2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алған болатын. Жобаның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру. «Елбасы медалі» жобасында жасы 14 пен 29 жас аралығында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.