8(7112) 22-85-97

41 мектеп-лицейінің 5 -7 сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

41 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларымен «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:

- Оқушылардың адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту;
- Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету;
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері мерекесіне орай 19 қыркүйек күні №41 мектеп-лицейінде тақырыптық жиын оздырылды. Үш тұғырлы тіл саясатын насихаттай отырып, ана тілімізді құрметтеуге, дәріптеуге негізделген шараға ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысты.