Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында жалпы білім беретін орта мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 11 наурыз күні облыстық Х Қадыр оқулары оздырылды.