«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылуы өтті.
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылуы өтті.
3 ақпан күні мектеп-лицейіміздің «Кітап» клубының мүшесі Джанашев Бейбарыс 8-сынып оқушыларымен «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» атты тәрбие сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқырман қауымға дәріптеу, ұлы тұлғалардың шығармашылығымен кеңінен таныстыру.
1-2 ақпан күндері мектеп-лицейіміздің ұстаздары мен оқушыларының арасында «Өзіңнен баста!» атты тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидаттарын қалыптастыру аясында баскетбол мен волейболдан спорттық турнир өтті. Шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттау.