Қалалық білім беру бөлімінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №35-Ө бұйрығына сай «Қазақ мультфильм сюжеттері» қалалық компьютерлік сурет байқауы өткізілді. Міндеттері «Қазақ мультфильм сюжеттері» туралы ұғым қалыптастыру, оқушыларға компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту және қазіргі бағдарламалық ресурстарды үйрету педагогтар мен мектеп оқушыларының назарларын шығармашылық үрдісте ақпараттық технологияларды пайдалануға тарту.

