8(7112) 22-85-97

17 маусым күні қала мектептері арасында оқу жылы қорытындыланды. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша сапалы білім мен тәрбие беру жүйесінде саналы ұрпақ қалыптастыруда жоғары көрсеткіштері үшін мектебіміздің ұжымы қала мектептерінің арасында ІІ орын иеленді. 

2017 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №523 бұйрығымен «Дарын» қосымша білім орталығының жанынан облыс оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау және оны дамыту мақсатында математика және физика пәні бойынша Олимпиада резерві мектебі ашылған болатын.