8(7112) 22-85-97

Мектеп-лицейімізде 21-қазан Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстанның әр азаматының Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың ел болашағына сеніп өсу маңызын түсіндіру, жастардың патриоттық сезімін елдің ұлттық идеологиясына айналдыру.

19 қазанда Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің оқушылары Лицей күнін атап өтті. Қысқаша мектебіміздің тарихына шолу жасасақ. 1996 жылы 4 шілдеде №41 мектеп-балабақша-гимназиясы болып ашылды. 2001 жылғы 29 желтоқсаннан бастап мектеп атауы «№41 орта мектебі» болып өзгертілді. Үздіксіз жүргізілген оқу тәрбие жұмысының негізінде оқу ордамыз 2012 жылдың 31 тамыздағы  №2144 қаулысымен «мектеп -лицейі» болып заңды түрде бекітілді.