8(7112) 22-85-97

14 қазан күні  «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында 9-11  сыныптарына қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия Кубогінің жеңімпазы. Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем Кубогінің, Әлем Чемпионатының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Кабилов Рахат және Көшкенғали Рахат – қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. ҚР Чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, ҚР Кубогінің жеңімпазы, Азия Чемпиондарымен кездесу кеші өткізілді.

13 қазан «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының «Қазақтың Ұлттық ойындары (арқан тартыс, қол күресі)» жарысы өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты оқушыларға ұлттық ойындарды түсіндіріп, топпен жұмыс жасауға бағытталған.

11 қазан күні «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында 5 - 6 сыныптарына ұлттық ойын «Асық ату» шарасы өткізілді. Негізгі шараның мақсаты ұлттық ойын «асық атудың» шыққан тарихын түсіндіріп, оқушыларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулыды.