8(7112) 22-85-97

«Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімімен бірігіп 17 наурыз күні сағат 14-00 - де орыстың әйгілі химик - ғалымы М.В. Ломоносовтың 310 жылдығына арналған «Мен - ХИМИК » атты шарасын өткізді.

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай, «Бағалау және сараптау»  тобының мүшелері Г.Е Куанышкалиева, Э.А.Кдрашева, Э.О.Орынбасарова 16 наурыз күні «Ғылыми жоба жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында  семинар өткізді. 

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 2022 жылдың 18-наурызында ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттау, тіл мәдениетін қалыптастыру, жыр, терме жанрын жастар арасында кеңінен насихаттау, өңірімізде танылып жүрген жыршы-термешілерді ынталандыру мақсатында "Текті сөздің төресі - терме" атты ЖОББМ арасында қалалық жас термешілер байқауы өтті.