8(7112) 22-85-97

№41 мектеп - лицейінде «Лицей аруы -2022» байқауы оздырылды. Мақсаты: ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, қыз балалардың бойына имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік сынды ізгі қасиеттерді сіңіру, сұлулық әлеміне баулу. Халық тәрбиесіндегі ерекшеліктерді ескеріп, өнегелілікті бойына сіңіру.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында жалпы білім беретін орта мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 11 наурыз  күні облыстық Х Қадыр оқулары оздырылды.