Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 27 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 27 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектеп директорының 2021 жылғы 11 мамырдағы №43 «2020-2021 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығы негізінде білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқыту үшін 2021 жылғы 19 маусымға дейін «Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру қолға алынды.
Мектептің қамқоршылық кеңесімен бірігіп ұйымдастырылған шаралардың бірі - оқу жылы қорытындысы бойынша білім додасындағы жетістіктері бойынша үздіктерді соңғы қоңырау салтанатты жиынында марапаттау болып табылады.