Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында 7-11 қараша аралығында мектепішілік олимпиада өтті. 14 қараша күні жеңімпаз оқушылар марапатталды.