8(7112) 22-85-97

Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылғын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

Мектебіміздің «Жас Ұлан» және «Өзін-өзі басқару» ұйымдары бірлесе отырып, 11 қараша күні «фильм кешін» өткізді. Мақсаты, оқушыларды ұйымшылдыққа баулу, бірлесе отырып жұмыстандыру, шығармашылық бағытта жетілдіре отырып , тұлға қалыптастыру.

Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Поэзия...Сен музыкамен егіз бе едің?! Патриоттық әдеби-саз кешінде «Мен өз елімнің патриотымын! номинациясы бойынша II орынға ие болғаны үшін №41 Мектеп лицейінің оқушысы - Таңбай Мирлан және жетекшісі – Төреғалиева Ардак марапатталады. Құттықтаймыз!