24 мамыр №41 мектеп-лицейімізде «Бақытты елдің білімді ұрпақтары» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға 6,7,8,10 сынып оқушылары қамтылып, оқу жетістіктері бойынша марапатталды. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектеп-лицейімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді қолдау мақсатында көшбасшы оқушыларымызға марапаттар берілді. Салтанатты іс-шарамыз мектеп-лицейіміздің әнұранымен басталып, талантты оқушыларымыздың әнімен ұласты.