8(7112) 22-85-97

28-ақпан-4 наурыз аралығындағы «Әлемдік білім берудің жаңа тренді - STEAM» тақырыбындағы математика, физика, информатика пәндері апталығының жабылуы өткізілді. Жабылу салтанатында апта бойы ұйымдастырған шараларға белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды.   

Білім беру саясатын жүзеге асыруда мектепте оқу сабақтарына жаңа технологияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEAM – элементтерін енгізу мақсатында математика, информатика, физика пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.   

Апталық аясында  оқушылардың білу және істей алу қабілетін, өнертапқыштық шешімдерін көрсетуде мектеп оқушыларымен «ROBOT PROJECT» жобасы мен  «ART  объект» математикалық көрмесі өткізілді.