8(7112) 22-85-97

Қалалық ІІ Ақұштап оқулары байқауына мектеп-лицейімізден екі оқушы қатысты. Мақсаты: Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, талантты лирик ақын А.Бактыгерееваның өмірі мен шығармашылық еңбегін жеткіншек ұрпаққа таныту арқылы оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 5-7 сыныптар арасында мектепішілік «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» патриоттық әндер байқауы  ұйымдастырылды.