8(7112) 22-85-97

Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сай  математика пәні мұғалімдерінің арасында VIII шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.  Мақсаты: математика пәні мұғалімдер арасынан оқушыларды пән олипиадаларына, конкурстарға дайындаумен және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді қолдау.

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес жас мамандар арасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» V Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау  жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында инновациялық белсенділіктерін дамыту аясында өткізілді.

Орал қаласының білім беру бөлімі БҚО  білім басқармасының 19.03.2021 жылғы №203 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 13-14 сәуір күні пән мұғалімдері арасында V  облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.