8(7112) 22-85-97

8 сәуір күні «Мейірімділік жүрекке жылу сыйлайды» тақырыбында онлайн вебинар-кездесу өтті. Шараның басты қонағы: «Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалы төрағасының орынбасары, «Балаларға базарлық» аниматорлар орталығының жетекшісі, қоғам белсендісі, ерікті, қазақ тілінің жанашыры Ерлік Мерекеұлы Шамғалиев.

Шараға 6а, 6ә, 6б, 7а, 7ә сынып оқушылары, сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова, мектеп тәлімгері, әлеуметтік педагог қатынасты.

8б сыныбының ата-аналарына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жиналыс оздырылды. Жиналыс барысында балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату үшін ақпараттар берілді.

Тәрбие бөлімінің айлық жоспарына және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жоспары шеңберінде 9а сыныбында Данияр Есенжолұлы мен Эльмира Орынбасаровна   «Құқықты мемлекет» ашық сынып сағатын өткізді.