Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда. Киберқауіпсіздікті нығайту – ел тыныштығын сақтауда аса маңызды.