Мектептің 2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 30 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектептің 2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 30 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
№41 мектеп-лицейінде 26 мамыр күні «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жоспар құрылып, тәрбиелік, Әлеуметтік-психологиялық шаралар, тренингтер өткізілетін болды. Оқу сауаттылығын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізіледі.
Бүгін мектеп-лицейімізде 2022 жылғы мектеп түлектеріне арналған «Бақытты балалық шақтың күміс қоңырауы!» салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Мектеп – лицейіміздің 22 түлегі үшін соғылған соңғы қоңырау кешіне ардагер ұстаздар, мектеп -лицейіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар, қалалық білім беру бөлімінің маманы Бағдагүл Нұрланқызы қатысты. Шара ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылды.