8(7112) 22-85-97

8-желтоқсан күні – тарих  пәндері бірлестігінің апталығы барысында 8 сыныптар арасында «Отандық тарихтың тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында  тарихи зияткерлік сайысы оздырылды. Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құндылығын мақтан ете отырып халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу, тереңдету; ой ұшқырлығын дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Орал қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 8 желтоқсан күні «Әнім сенсің, жырым сенсің, Қазақстан!», «Мой Казахстан! Тебя воспеть хочу я!», «My Kazakhstan! I want to praise you!» атты 8-9 сынып оқушыларына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Мектеп-лицейдің жас мамандары мен тәжірибелі ұстаздары арасында ата-аналармен педагогикалық өзара әрекеттесу процесінде туындайтын қиындықтардың алдын алу  бойынша мұғалімдердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын кеңейту мақсатында психологиялық тренинг өтті.