8(7112) 22-85-97

Ресей Федерациясы Новосибирск қаласында өткен халықаралық оқушылардың, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы жарияланды. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша «Ескен Елубаевтың ғажайып әлемі» әдеби орындық ойын сағаты 5 а сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Шара барысында балалар жазушысы Ескен Елубаевтың өмірдерегі слайд арқылы таныстырылып, кітаптары насихатталды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай  «Сөз зергері» сайысы 10 ә сынып оқушыларымен «Ұлпан» романы желісі бойынша өткізілді. Шара барысында Ғ.Мүсіреповтың өмірдерегімен, кітап көрмесі таныстырылды.