8(7112) 22-85-97

Мектеп-лицейімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және түрлі қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында Ибрайымов Олжас Азимбековичтің қатысуымен «Қауіпсіздік сағаттары» өткізілді.

“Ұрпаққа аманат” жобасы аясында Қариялар күніне орай “Қариясы бар үйдің - қазынасы бар” тақырыбында Қадыр Мырза Әлі атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығында 5 “А” сыныбы оқушыларының ата-әжелерімен тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды.