8(7112) 22-85-97

Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес және білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау,   математика саласындағы оқу танымдық қызметін ынталандыру, білімді насихаттау мақсатында математика пәні мұғалімдері арасында  «Математикалық регата» турнирі 29 қыркүйек күні өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының  жылдық жоспарына сәйкес облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» математикалық регатасы 5-6 сыныптар үшін  4 қазан  күні  өтті.

Қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау, математикадан логикалық есеп шығару қабілетін дамыту мақсатында 21, 23, 24 қыркүйек күндері 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар үшін математикалық регата өтті.