8(7112) 22-85-97

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Еңбек жолында қажырлы қызмет атқарып, қазірге кезде зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымызды мерекесімен құттықтау мақсатында бұл шараны жүзеге асырдық.

1.10.2021 жылы мектеп-лицейімізде ұстаздар мерекесіне орай, 10-11  сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылған болатын. «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастырудағы мақсат: әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіби бағдар беру  және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.

Лицейіміздің 11 сынып оқушылары, мұғалімдер мерекесінде, ұстаздарына арнап «Мың алғыс, саған, ұстазым!» атты концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдарлама ұстаздарымызға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтау мақсатында өткен болатын. Концерттік бағдарламада №41 мектеп-лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтады.