8(7112) 22-85-97

1-12 маусым аралығындағы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында №41 мектеп-лицейінің «Жанашыр» еріктілер тобы мен балалар ұйымының мүшелері бала еңбегін қанауға қарсы, бала құқығы жөнінде қала тұрғындарына үнпарақтар мен жаднамаларды таратты.

1 маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы алаңда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қала мектептерінің білім алушыларына арналған «Ашық аспан астындағы мектеп кітапханалары» акциясы оздырылды.