8(7112) 22-85-97

Махаббат – дүйім дүниедегі ең асыл, кіршіксіз сезім. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Махаббат, сүйіспеншілік  бұл әлемді мейірімдірек әрі жарыктау жасап, өмірге нәр, ерекше көрік береді. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.