8(7112) 22-85-97

Бүгін мектеп-лицейімізде 25 қазан – Республика күні орай  «Әнұран»  челленджі ұйымдастырылды.

Әнұран - мемлекетіміздің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұранымыз  әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуына  ерекше әсерімен жыр бесігінде тербетіп, еліне, жеріне, халқына деген мақтанышын оятады. Әнұранды орындау - қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке тұлғамызды  дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.

25 қазан Республика күніне орай "Адал ұрпақ" еріктілер клубының "Адал ұрпақ тәрбиесі-ел ертеңі" атты патриоттар форумы өткізілді. Форумның мақсаты оқушыларды адалдыққа, патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу болып табылды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мектеп ортасында әр тұлғаның жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік қасиетін, азаматтық-патриоттық рухын қалыптастыруға үйретеді. Еліміздің болашағын құрайтын әр жас өрен адалдық пен жалғандықтың, әділдік пен әділетсіздіктің аражігін еркін ажыратса, бұл да біздің еліміздің өркендеуіне қосар үлесіміз болмақ.