3 ақпан күні мектеп-лицейіміздің «Кітап» клубының мүшесі Джанашев Бейбарыс 8-сынып оқушыларымен «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» атты тәрбие сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқырман қауымға дәріптеу, ұлы тұлғалардың шығармашылығымен кеңінен таныстыру.

