8(7112) 22-85-97

2024-2025 оқу жылында тәрбие жұмысында іске асырылатын мектепішілік жобалар

· «Ұрпаққа аманат» жобасы

· «Белсенді жұма» жобасы

· «Табысты тұлға» жобасы

· «Ізгілік тамшылары» жобасы

· «Тәрбие ісіндегі ата-ана» жобасы

· «Sparklink teenager» жобасы

2024-2025 оқу жылында оқу жоспары бойынша берілген мектепішілік үйірмелер

Үйірме жұмыстарының мақсаты:

- Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

- Өз қабілеттерін шыңдау, шағармашылыққа баулу;

- Қосымша білім беру.

Үйірме атауы

Үйірмеге

қамтылған сынып

Жетекшілері

апталық 1 сағат

1

Әлем халық билері

5-8 сыныптар

Рахметова А.А.

2

Домбыра үйренейік

5а,5ә,5б,5в, 6а,6ә,6б,6в

Кабиева Г.М.

3

Debate-a competition of the educated

10а, 10ә, 10б

Бисекешова А.Е.

4

Робототехника

5а,5ә

Саймова Ф.Б.

 

2024-2025 оқу жылында қосымша жүргізілетін мектепішілік спорттық үйірмелер

р/с

Аты-жөні (құжат бойынша толық)

Үйірмеге қамтылған сынып

Жетекшілері

апталық 1 сағат

1

Футбол

Футбол

Еркингалиев Алибек

Аманкелдиевич

2

Волейбол (ұлдар)

Волейбол

ұлдар

Нурманов Асланбек

Орынбасарович

3

Волейбол (қыздар)

Волейбол

(қыздар)

Хамитов Мурат

Талапұлы

4

Баскетбол

Баскетбол

Имангазиева Айзада

Романовна

5

«Ақжайық сарбаздары»

«Ақжайық сарбаздары»

Насибуллинов Ербол

Насиболлинович

 

МЕКТЕПІШІЛІК ҰЙЫМДАР МЕН КЛУБТАР

Мектепішілік ұйымдардың, клубтардың негізгі мақсаты: Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, өзара қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, өмір дағдыларына бейім, жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға тәрбиелейтін ынтымақты орта құру.

Міндеттері:

- Елін, Отанын сүйетін, құрметтейтін тұлға қалыптастыру;

- Ұлағатты ата-әже, қайсар әке,мейірімді ана келбетін насихаттай отырып, отбасы тәрбиесін нығайту;

- Тарихи, дара тұлғалардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ ұлының, қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;

- Құқықтық сауаттылық және мәдениетін қалыптастыру;

- Ұрпаққа ұлттық тәрбиені дәріптеу;

- Кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;

- Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;

- Қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұштастырып, өмірлік дағдыларды меңгерту;

- Ұрпақты отбасы өміріне даярлау;

Клуб атауы

Жетекшілері

1

«Мейірім» аналар клубы

Тажен С.С.

2

«Мирас» әкелер клубы

Ажгалиев Н.Ш.

3

«Азамат» ұлдар клубы

Насибуллинов Е.Н.

4

«Сырласу» қыздар клубы

Мусагалиева А.К.

5

«Адал ұрпақ» клубы

Оспан Қ.Т.

6

«Зерде» дебат клубы

Бисекешова А.Е.

7

«Жанашыр» еріктілер тобы

Мукашева Р.Б.

8

«Шапағат» жас инспекторлар тобы

Нурманов А.О.

9

«Қолғанат» жас полиция тобы

Хамитов М.Т.

10

«Ақ Жайық сарбаздары» әскери-патриоттық

клубы

Насибуллинов Е.Н.

Оқушылардың ғылыми қоғамы

«Сириус» оқушылардың ғылыми қоғамы

Мақсаты:

Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру,шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми көрегендікке шығармашылыққа баулып әр жақты дамыған тұлға тәрбиелеу

Міндеттері:

1. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстыру.

2. ҒТП жетістіктерін насихаттау.

3. Оқушыларды ерте жастан ғылыми-ізденіс жұмыстарына бейімдеу.

4. Оқушылардың жоғарғы деңгейіндегі саналы білім мен іскерлігін көтеруге мүмкіндік жасау.

5. Оқушылардың жүйелі ғылыми көзқарасын қалыптастырып зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығуын, қабілетін арттыру.

6. Өз еркімен қалаған ғылым саласы бойынша мамандықты дұрыс таңдауға, алған білімін тиімді пайдалануға ұмтылдыру.

Мазмұны:

Қоғам мүшелерінің білім деңгейіне, қабілетіне және ғылым салаларына, өнер және техникаға қызығушылығын арттырылатын өзекті, мәнді тақырыптардың жиынтығын толықтыра құрып, олармен ізденіс бағытында бірқалыпты шұғылдану.

Қоғам мүшелері ғылыми-зерттеу, шығармашылық бағыттағы жобалар мен бағдарламалар жасау.

Мектеп ішінде оқушылардың ізденіс және шығармашылық жұмыстар туралы конференциялар, интеллектуалды ойындар, олимпиадалар, сайыстар және т.б. шаралар ұйымдастыру.

Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференция, семинар, фестиваль, олимпиада сайыстарына қатысу.

Ізденіс тақырыптарының тарихи және теориялық негізінде дәлелденген нәтижелердің жетістіктерін мектепте тәжірибе жүзінде қолдану.

Оқушылардың арасында ғылымның әр саласында, өнер және техника салаларындағы жетістіктерін, шығармашылық жұмыстарды ақпараттық құралдармен жеткізіп отыру.

«Сириус» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыс жоспары

Тақырыбы

Жауапты

Қатысатын оқушылар

Мерзімі

1

Оқушылардың ғылыми қоғамын құру

Саймова Ф.Б.

8-11

сынып

Қыркүйек

2

Ғылыми қоғамының жоспарын бекіту. Дарынды оқушыларды анықтау

Саймова Ф.Б.

5-10 сынып

Қыркүйек

3

Дөңгелек үстел: Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыс жоспарымен таныстыру

Саймова Ф.Б.

Сириус тобы

8-10 сынып

Қазан

4

Пәндік ғылыми жобаларға қатысушы оқушыларға бағыт көрсету. Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбының өзектілігін анықтау бағыт бағдар беру

Сириус тобы

9-10 сынып

Қазан

5

«Bilim high» интелектуалды ойынын өткізу

10 сыныптар

9-10 сынып

Қараша

6

«Қоғам балалар көзімен» әлеуметтік бейнеконкурс

Саймова Ф.Б.

Сириус тобы

7-11 сынып

Желтоқсан

7

«Асу бермес асқар жоқ» мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Саймова Ф.Б.

Сириус тобы

9-10 сынып

Желтоқсан

8

Сөйлеу мәнері (көрермен/камера алдында сөйлеу өнері)

Саймова Ф.Б.

Сириус тобы

7-9 сынып

Желтоқсан

9

«Білім дода» интелектуалды ойынын өткізу

Сириус тобы

7-8 сынып

Қаңтар

10

Жоғарғы оқу орындарымен ғылыми қоғам арасында байланыс орнату

Саймова Ф.Б.

Сириус тобы

Педагогтер шақыру

9-10 сынып

Қаңтар

11

Презентациялау техникасы ғылыми жоба жасау ережелерін қолдана отырып слайдтар жасау (үш тілде) байқауы

Сириус тобы

7-10 сынып

Ақпан

Мақсаты:

Қабілетті, ынталы оқушылардың теориялық білімін тереңдету, практикалық дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту ғылым жолына бағыт-бағдар беру дарынды балалармен жұмыстың тиімді жүйесін құру.

Міндеттері:

1. Қабілетті балаларды анықтау, оладың шығармашылық дамытуын қадағалау.

2. Қабілетті балалардың белгілі бір ғылым, өнер саласы бойынша дүниетанымның дамуына, шығармашылық бейімділіктерінің жетілуіне, көмек көрсету

3. Қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану, саяси-идеалогиялық, зерттеушілік, жаңашылдық жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру, бағыт-бағдар беру.

4. Өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу, практикамен ұштарыса алу, баспа деректерімен жұмыс жасауға қалыптастыру.

ОҒҚ жұмысының негізгі бағыттары:

1. Дарынды оқушыларды ғылыми-шығармашылық іс-шараларға қатыстыру.

2. Ғылыми - әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету, ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Ғылым зерттеу жұмыстар барысында оқушыларға жекелей, аралық кеңестер ұйымдастыру.

4. Байқаулар мен конференцияларға қатысу барысында оқушылардың ғылыми жұмыстарына рецензия жасау.

5. Ғылыми –шығармашылық конференциялар,олимпиадалық турнирлер дайындау,ұйымдастыру және өткізу.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ өткізіледі:

· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

·ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;

· ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы:тестілеу.

Өткізілетін орны:ҰБТ өткізу пункттері.

Қатысушылар

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

1)

қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары

20 желтоқсан – 6 қаңтар

10 қаңтар – 10 ақпан

20 ақпан – 10 наурыз

1-31 наурыз

2)

қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері

28 сәуір – 14 мамыр

16 мамыр – 5 шілде

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

3)

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

20 ақпан – 10 наурыз

1-31 наурыз

28 сәуір – 14 мамыр

16 мамыр – 5 шілде

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

4)

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

28 сәуір – 14 мамыр

16 мамыр – 5 шілде

5)

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар

20 ақпан – 10 наурыз

1-31 наурыз

28 сәуір – 14 мамыр

16 мамыр – 5 шілде

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

6)

ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін

20 желтоқсан – 6 қаңтар

10 қаңтар – 10 ақпан

20 ақпан – 10 наурыз

1-31 наурыз

28 сәуір – 14 мамыр

16 мамыр – 5 шілде

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

7)

ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар

20 желтоқсан – 6 қаңтар

10 қаңтар – 10 ақпан

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

8)

ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі.

20 желтоқсан – 6 қаңтар

10 қаңтар – 10 ақпан

20 – 30 шілде

10 – 20 тамыз

*Қазіргі таңда Қағидаларға ҰБТ-ны өткізу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілуде.

Тестілеуге қатысу бағасы - 5640 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмаларының саны – 120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)

Апелляция: қарастырылған.

Ең жоғары балл – 140

 

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 - блок

Математикалық сауаттылық

10

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

Оқу сауаттылығы

10

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

2 - блок

1 - бейінді пән

25

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

5

Контекст негізіндегі тапсырмалар

5

Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар

5

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 - бейінді пән

25

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

5

Контекст негізіндегі тапсырмалар

5

Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар

5

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Шекті деңгей балы:

Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл."Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.

Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл.

Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.

Бейінді пәндер комбинациясы

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

математика

физика

2

математика

информатика

3

математика

география

4

биология

химия

5

биология

география

6

шет тілі

дүниежүзі тарихы

7

география

шет тілі

8

дүниежүзі тарихы

құқық негіздері

9

дүниежүзі тарихы

география

10

қазақ тілі / орыс тілі

қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

11

химия

физика

12

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан