8(7112) 22-85-97

«Қашықтан оқыту кезіңде қобалжу мен мазасыздықты қалыпқа келтіру» жаттығулары

«СУ ЖАТТЫҒУЫ»

Мазасыздықпен қобалжу бойыңызды билей бастағанын сезсеңіз салқын сумен қолыңызды,маңдайыңызды,самайыңызды сулаңыз. Стакан су ішіңіз: суға бар зейініңізді шоғырландырып, өзіңіздің ішкі сезімдеріңізге көңіліңізді аудара отырып өте жай ішіңіз. Мүмкіндік болса контрассты душ немесе ванна қабылдаңыз.

«КӨЗ ФИКСОЦИЯСЫ»

Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып, сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Осы сәтте тыныс алу ерекше, терең болу керек.

БҰЛШЫҚ ЕТТІ ҮДЕМЕЛІ БОСАҢСЫТУ

- Тыныш жер таңдап, осы жаттығуға 15-20 минут бөліңіз.

- Бұлшық еттеріңізді табаныңыздан төбеңізге дейін ширатасыз: табан, аяқ, қол, жамбас, іш, кеуде, мойын, ауыз, көз, маңдай.

- Деміңізді баяу, әрі терең ішке тартыңыз, бұлшық еттер тобын ширатып (қысып), 5-10 секунд ұстаңыз.

- Ширыққан және босаңсыған бұлшық еттер арасындағы айырмашылыққа назар аударыңыз.

- Келесі бұлшық еттер тобына көшер алдында 10-20 секунд бойы босаңсыңыз.

- Жаттығуды аяқтаған соң, осы шаққа қайта зейін салу үшін 5-тен 1-ге дейін санаңыз.

 

Бала (жасөспірім) кибербуллинг құрбанына айналғанының негізгі белгілері:

- көңіл-күйі өзгерген, үріккен, мазасы кеткен

- мұңая түскен

- қоғамдық шараларға, спорттық секцияларға және т.б. барудан қашқақтайды

- ұялы құрылғыларды бұрынғыдан сирек қолдана бастады

- жаңа хабарлама келгені туралы дыбыстық белгілерге жағымсыз қарай бастады

- мінез-құлқы, әсіресе, Ғаламтормен жұмыс жасау саласында өзгеріп кетті

- әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады

- сізге желіде балаңыздың қатысы бар қорлайтын немесе кемсітетін суреттер және хабарламалар кез болды

- долылық пен өшпенділік сезімдері пайда болды

- қорқыныш – алаңдау үшін әрдайым жеткілікті себеп. Егер бала үнемі қорқып жүргендей көрінсе, ол кибербуллинг құрбанына айналғаны әбден мүмкін. Аталған белгілер басқа түйіткілді мәселелерді сипаттауы да мүмкін. Бірақ, кибербуллинг ықтималдылығын бірінші кезекте анықтап, шешіп алу қажет

Баланың (жасөсіпірімнің) көңіл-күйіндегі ұзақ уақытқа созылатын кез-келген оқыс өзгеріс – ата-ана үшін дабыл белгісі!!!

 

Психологиялық диагностика (зерттеу)

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

Психикалық жай-күйдегі өзіндік бағалау

Оқу мотивациясы

Темпераменті (холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик)

Жасөспірімдегі мазасыздық деңгейін анықтау (стрес, депрессия, үрей, қобалжу)

Қызығушылық пен бейімділікті анықтау.

Интеллектуалдық ерекшелігінің деңгейі

Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу

Тест: «Сіз кімсіз: жапалақсыз ба, бозторғайсыз ба?»

1. Сізге таңертең ерте тұру қиын ба?

а) иә-3

ә) кейде-1

б) сирек- 1

в) өте сирек-0

2. Егер сізде таңдау мүмкіндігі болса, қай уақытта ұйықтауға жатар едіңіз?

а) түнгі сағат 1-ден кейін - 3

ә) 23 сағат 30 минуттан түнгі 1 аралығы - 2

б) 23-тен 23.30-ға дейін - 1

в) 22-ге дейін - 0

3. Ұйқыдан оянғаннан кейін асты қалай ішкенді қалайсыз?

а) тоя - 3

ә) онша тоймай - 2

б) жеңіл- желпі - 1

в) бір шыны шәй немесе кофе - 0

4.Егер сіздің соңғы кездерде үйде немесе оқу орнында болған кикілжіңдеріңізді еске түсірсек, олар тәуеліктің қай мезгілінде болды?

а) түске дейін - 1

ә) түстен кейін - 0

5. Сіз неден жеңіл бас тарта аласыз?

а) таңғы шәй немесе кофеден - 2

ә) кешкі шәйдан - 0

6. Өзіңіздің тамақтанумен байланысты әдеттеріңізді қиналмай бұза аласыз ба?

а) өте жеңіл - 0

ә) біршама жеңіл - 1

б) қиын - 2

в) өзгеріссіз қалдырамын - 3

7. Егер таңнан маңызды істер күтіп тұрса, сіз қаншалықты дәл анықтай аласыз? Оны білу үшін біреудің көмегін сұраңыз.

а) 2- сағаттай бұрын - 3

ә) 1-2 сағатқа - 2

б) 1- сағаттан аз - 1

в) әдеттегідей - 0

8. Бір минутқа тең уақыт аралығын сіз қаншалықты дәл анықтай аласыз? Оны білу үшін біреудің көмегін сұраңыз.

а) бір минуттан аз - 0

ә) минуттан көп - 2

қорытынды: 0-7 ұпай- сіз «бозторғай»

8-13 ұпай- аралас тип

14-20 ұпай- «жапалақсыз»

Өзіңізді бақылай білесіз бе?

Сұрақтардың мазмұны

Иә

жоқ

1

Басқа адамдарға еліктеу маған қиын сияқты.

   

2

Маңайымдағы адамдардың көңілін өзіме аудару үшін әлде оларды көңілдендіру үшін реті келсе ақымақтық жасар едім.

   

3

Мен жаман актер болмас едім.

   

4

Расында солай болмаса да басқа адамдарға бір нәрсеге қатты күйінген сияқты болып көрінемін.

   

5

Мен компанияның көңіл-күйін сирек өзіме аударамын.

   

6

Әр түрлі жағдайларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әр түрлі ұстаймын.

   

7

Мен өзімнің қатты сенген нәрсемді ғана тайсалмай жақтай аламын.

   

8

Жұмыста және басқа адамдармен қарым-қатынаста жақсы болу үшін мен өзімді солардың, күткеніндей ұстауға тырысамын.

   

9

Мен өзімнің жақсы көрмейтін адамдарыммен де достық сипатта бола аламын.

   

10.

Мен қалай болып көрінсем, әрдайым сондаймын.

   

1,5,7 сұрақтарға «жоқ», қалғандарына «иә» деген жауап болса, өзіңізге бір балдан жазыңыз.Содан кейін барлық балды қосыңыз.Егер де шындап жауап берсеңіз, сіз туралы мынаны айтуға болады.:

0-3 балл:Сіздің коммуникативтік бақылауыңыз төмен және жағдайға байланысты оны сіз өзгерткіңіз келмейді.Қарым-қатынаста шын көңілмен ашыла аласыз.Кейбіреулер сіздің тік мінезіңізге қарап, қарым-қатынаста қолайсыз деп есептейді.

4-6 балл:Сіздің коммуникативтік бақылауыңыз орташа.Сіз ақкөңілсіз, бірақ өз сезіміңізді ұстай білесіз.Сіз қарым-қатынаста маңайдағы адамдармен көбірек санасасыз.

7-10 балл:Сіздің коммуникативті бақылауыңыз жоғары.Сіз жеңіл араласып кетесіз, жағдайлардың өзгеруіне байланысты икемділік көрсетесіз және маңайыңыздағыларға қандай әсер қалдыратыныңызды көре аласыз.

Қабілетіңіз қандай ?

Бұл тест басшылық жасау (оның ішінде шағын бизнеске де) тәжірибелеріне негізделіп жасалған.Жеті тармақтағы өзіме сай-ау деген бір қасиеті таңдап, жинаған ұпайыңызды есептеңіз. Өзіңіздің, немесе басшыңыздың мүмкіндігі мен қабілеті анықталады.

1. Бастамшылық (инициатива)

А) қосымша тапсырмалар күтеді;

Б) тапсырманы орындауға тапқыр, батыл;

В) басшылықтың нұсқауынсыз-ақ жұмысын тиянақты орындайды;

Г) нұсқау күтіп отырады.

2. Басқалармен қарым-қатынас

А) адамдармен достық қарым-қатынаста жүреді;

Б) қарым-қатынаста сыпайы;

В) кейде олармен жұмыс істеу қиын;

Г) қазымыр және аралас – құраласқа ебі жоқ.

3. Көш бастаушылық

А) қабілеті күшті, сенімділік пен бекемділікке көз жеткізе алады;

Б) тиімді бұйрықтар беруге шебер;

В) жетекші

Г) өз бетімен әрекет етпейді

4. Жауапкершілік

А) тапсырманы орындауда жауакершілік көрсетеді;

Б) тапсырманы құп алады, келіспейтін кезі де бар;

В) тапсырманы ықылассыз алады;

Г) кез келген тапсырмадан жалтаруға тырысады;

5. Ұйымдастыру қабілеті

А) сендіру қабілеті күшті, дәлелін логикалық қисынмен қиюластыра алады;

Б) қабілетті ұйымдастырушы;

В) орташа қабілеті бар ұйымдастырушы;

Г) қабілетсіз.

6. Шешімдік

А) жедел және дәл шешім қабылдайды;

Б) шешімді сақ әрі негіздеп қабылдайды;

В) жедел, бірақ жиі қателеседі;

Г) күмәншіл және қорқақ.

7.Табандылық

А) мақсаткер, қиындықтан қорықпайды;

Б) үнемі күш-жігер көрсетіп жүреді;

В) табандылық пен шешімділігі орта деңгейде;

Г) табандылығы тұрақсыз.

Ұпайлары: а-4, б-3, в-2, г-1.

25-28 ұпай- тамаша 21-24 - өте жақсы

17-20 - жақсы 13-16 – орташа

 

Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысуларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету
  • психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;
  • психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
  • психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата–аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;
  • білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

                                                                                                            

Психолог жұмысының негізгі бағыттары

  1. Психологиялық профилактика.(алдын алу)

Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

  1. Психологиялық диагностика (зерттеу)

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

  1. Психотүзету және дамыту.

Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.

  1. Психологиялық консультация (кеңес)

Мақсаты: педагогикалық процесстің субьектілеріне кеңес беру.

  1. Психологиялық білімді көтеру (ағарту)

Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.