8(7112) 22-85-97

Bookcrossing

2020-2021 оқу жылында мектеп – лицейімізде өскелең ұрпақтың кітап пен кітапқа деген көзқарасын жақсарту мақсатында, «Оқы және өзгеге сыйла» қағидатына негізделген қарапайым әрекеттен тұратын Bookcrossing жобасын ұйымдастыру қолға алынды. Алдағы уақытта аталған жобаны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін кітап алмасатын орындар және оқушылардывң кітап оқуға қызығушылығын арттыратын іс-шаралар жоспары дайындалады.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.

Мақсаты

«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;

Тарихы

«Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, мына сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін біле аласыз. Жарты жылдан кейін оның сайтында екінші рет дүниеге келген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. 2004 жылдан бастап «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді.

Буккроссингтің таралуы

Бүгінгі күні бұл қоғамдық қозғалыстың мүшелерінің саны 1,5 миллион адамнан асады және олардан 13 миллион кітап тіркеуге жазылыпты. Бұл қоғамдық қозғалыстың халықаралық сайты www.bookcrossing.com

Алғашында пайда болған кезеңдерде буккроссинг Италия жерінде танымал бола бастады. Итальян тілінде «PassaLibro» деп аталатын бұл қоғамдық қозғалысқа мемлекетте назар аудара бастады. Мысалы, Флоренцияның билігі бұл қозғалысқа 4000 мыңнан астам кітап сыйлады және ол кітаптар бүкіл қоғамдық орындарында таратылды.

Қазақстандағы буккроссинг

Ең алғаш рет бұл шара 2009 жылдың күзінде Алматы қаласында өтті. Буккроссингтің шарасы 2014 жылы Алматы қаласында өткен «Кітапфест» деп аталатын жәрмеңкеде өткізілген болатын. Ұйымдастырушылардың деректеріне сенсек, 10000 мыңнан астам кітап өздерінің жаңа үйлерін тауып, кітап алмасу жүргізілді.

Буккроссингтің алуан түрлілігі: «Қарапайым буккроссинг» (жоғарыда айтылып кеткен технология) «Букрей» - кітапты пошта арқылы жіберіп, бір адамның қолынан екінші адамның қолына жетіп, қала немесе мемлекеттер арасында кітап алмасу жүруі.

«Букринг» - букрейден ең басты айырмашылығы – кітап өзінің алғашқы оқырманына қайтарылуы тиіс.

 

Кітапхана қызметін мектепте педагогтер мен оқушылар, барлығы 450 оқырман қолданады.

Кітапхана қоры:

- Кітапхананың жалпы қоры - 18840

- Оның ішінде оқулықтар – 14827

- Көркем әдебиеттер – 3004

Кітапхананың іс-қағаздар тізбесі:

 - Кітапханашының лауазымдық міндеті

- Кітапхананы пайдалану ережесі

- Кітапхана жұмысының жылдық жоспары

- Кітапхана жұмысы туралы жылдық жұмыс есебі

- Кітапхананың кітап қоры туралы есеп кітапшасы

- Түгендеу /инвентар/ кітапшасы

- Түгендеу кітапшасына енбейтін 48 бетке дейінгі кітаптар мен кітапшаларды есепке алу дәптері

- Кітапханаға түскен әдеби кітаптардың құжаттарын тіркеу папкасы

- Кітаптарды есептен шығару актлерін тіркеу папкасыКітап қорын тексеру актсін тіркеу папкасы

- Кітапхананың жұмыс күнделігі

- Оқулықтар сұраныстарын тіркеу папкасы

- Оқулықтардың есеп кітапшасы, картатекасы

- Кітапханаға түскен оқулықтардың құжаттарын тіркеу папкасы

- Оқулықтарды беру туралы сыныптарға арналған дәптер

 

КІТАПХАНА ТӨЛҚҰЖАТЫ

Кітапхананың құрылған жылы

1996 жыл

Кітапхананың ауданы

67,7 шаршы метр

Оқу залы

1

абонеменпен бірге

1

Сақтау қоймасы

1

Оқу залындағы орындар саны

21

Компьютер

1

Принтер

1

Интернет желісі

жүргізілген

Компьютерлік стол

1

Парта

1

Жұмсақ орындық

1

Кітап сөрелері

8

Көрмеге арналған кітап сөрелері

5

КІТАПХАНАШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Кітапхана штаты

1

Кітапханашының аты - жөні

Серикова  Алмира Асылхановна

Білімі

жоғары

Еңбек өтілі

0 жыл

Аталмыш мектептегі еңбек өтілі

0 жыл

КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Жұмыс уақыты

9:00 – 18:00

Түскі үзіліс

13:00 – 14:00