8(7112) 22-85-97

Педагогикалық әдеп кеңесі құрамына өзгеріс енгізу туралы бұйрық

Педагогикалық Әдеп кеңесін құру туралы бұйрық

Педагогикалық әдеп кеңесі құрамына өзгеріс енгізу туралы бұйрық

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.

Кеңес өз қызметін "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алады.

 

Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу;

2) білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету;

3) педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу;

4) педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Кеңес өз құзыреті шегінде:

1) өз отырыстарында педагогтер мен қаралатын мәселелерге қатысы бар тұлғаларды тыңдайды;

2) білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;

3) педагогтер мен қаралып отырған мәселелерге қатысы бар адамдардан түсіндірмелер және (немесе) түсініктемелер талап етеді;

4) педагогикалық әдепті бұзу фактілеріне тексеріс жүргізу туралы білім беру ұйымының басшысына ұсыныстар енгізеді;

5) білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдептің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;

6) білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді;

7) Кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді;

8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Мектеп-лицейі Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметін «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы негізінде ұйымдастырады.

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Педагогикалық кеңес:

1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;

2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;

3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;

4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;

5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;

6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;

7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;

8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;

9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;

10) сабақ кестесін құрастыру;

11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;

12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;

13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;

14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.

Мектеп-лицейінің педагогикалық кеңесі қызметі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 272 Бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.

 

№ 41 мектеп – лицей кітапханасының жоспары

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты:

- мектеп оқушыларының әдеби кітап оқуға қызықтыру, оқушылардың сөздік қорын молайту;

- кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

кітап оқу арқылы алғыр ойлауға үйрету;

алған білімдерін тереңдету.

Күтілетін нәтиже:

Әр адамның өмірінде, қоғамда кітаптың маңызы зор. Кітап болашақты өткен өмірімен байланыстырады. Кітаппен жұмыс жасау арқылы оқушының білім сапасы көтеріледі.

1. Акция іс-шараларын БАҚ-та кеңінен жариялау

2. Мектеп кітапханасына әртүрлі жастағы оқырмандар тартылады, кітап оқу ұйымдастырылады.

3. Әр оқырман өзінің оқыған кітабын жарнамалайды.

4. Әлеуметтік желілердегі парақшаларға қашықтықтан жасалған үздік тәжірибелік бинероликтер жолдау

5. Оыған кітабы бойынша кейіпкерлерінің суретін салу, шағын әңгіме жазу, кітапты жарнамалау

6.

Жасалатын жұмыстың мазмұны:

1. Ата-аналармен, кітапханамен байланыс жасау;

2. Кітапханаға келіп түскен көркем әдебиттерді витруалды көрмемен онлайн арқылы ұйымдастырылып таныстыру;

3. «Оқуға құштар мектеп»жобасының ережелерімен таныстыру;

4. Әр оқушының жас ерекшелігін ескеріп, сондай-ақ талғамына қарай көркем әдебиеттерді таңдап ұсыну;

5. Өз қалауынша оқыған кітаптарының есебін дәптерге жазбалай жүргізу, сөзжұмбақтар шешу, сонымен қатар фото, шағын ұсыныс видеолармен бөлісу;

Әдеби кітап оқи отырып:

* Шапшаң мәнерлеп оқуды меңгереді;

* Оқығанды көз алдына елестете алу қабілеті артады;

«Еркін оқу кеңістігі»

Жұмыс мазмұны

Сыныбы

Уақыты

Жауапты

1

«20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы аясында (үзіліс кезінде бір мезетте сыныппен кітап оқуды) ұйымдастыру

5-11

Жыл бойы

Хайратова А.М.

Пән мұғалімі

2

«Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» атты оқу марафонын күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс кезінде кітап оқуды ұйымдастыру

5-11

Қараша,қаңтар,наурыз,мамыр

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

3

«Оқы және өзгеге сыйла»

Bookcrossing ұйымдастыру

5-11

Қаңтар - желтоқсан

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

4

Жергілікті ақын Қ.Мырза Әлидің шығармаларын насихаттау.

5-11

Қаңтар

Хайратова А.М.

«Кітап оқу арқылы өзін –өзі дамыту»

1

«Көп оқитын сынып», «Сыныптың ең үздік оқырманы» мониторинг жүргізу арқылы озық оқырмандарды анықтау шараларын ұйымдастыру

5-11

Сәуір-мамыр

Хайратова А.М.

Пән мұғалімі

2

«Бір сынып – бір кітап» флешмоб ұйымдастыру

5-11

Наурыз – желтоқсан

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

3

«Әдеби Ақжайық» жобасының өтетін жұмыстарын ұйымдастыру

5-11

Наурыз – желтоқсан

Хайратова А.М.

Пән мұғалімі

«Отбасылық оқудың дәстүрлері»

1

«Бір отбасы – бір кітап» оқу акциясына орай отбасымен кітап оқу шараларын ұйымдастыру

(сайыс) түрінде

5-11

Наурыз – мамыр

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

2

«Әкеммен бірге оқимын» инста акциясын ұйымдастыру

5-11

Наурыз – желтоқсан

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

3

«Наурыз жыл басы» тәрбие сағаты, кітап көрмесі

5-11

Наурыз

Хайратова А.М.

«Оқу уақыты»

1

«Өзің оқып, өзгеге ұсын!» READx book жобасы аясында шаралар ұйымдастыру

5-11

Наурыз – мамыр

Хайратова А.М.

2

«Web – қауіпсіздік» ақпараттық сағаттарды ұйымдастыру,желі саяхатының ережелерімен таныстыру

5-11

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

3

«Кітап сарқылмас қазына» кітап күніне орай тәрбие сағаты

5-11

Сәуір

Хайратова А.М.

4

«Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» тәрбие сағаты, кітап көрмесі

5-11

мамыр

Хайратова А.М.

Сынып жетекші

5

«Тәуелсіздік Қазақстанның сан ғасырлық арманы» тәрбие сағаты, кітап көрмесі

5-10

Желтоқсан

Хайратова А.М.

«Материалдық - техникалық база»

1

«Smart мектеп» жобасының «Е- библиотека бағдарламасын ұйымдастыру

Хайратова А.М.

2

Кітапханашының біліктілігін арттыру

Хайратова А.М.