8(7112) 22-85-97

Атауы:

Өткізілу форматы:

Мерзімі

Түсіндірме мәтін

1

«Мектепке жол»

акциясы

тамыз-қыркүйек, қаңтар

Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен жүргізілетін әлеуметтік шара.

2

«Қайырымдылық – ізгілік нұры»

мәдени-ағарту шаралары, кездесу кеші, концерттік бағдарлама

жыл бойына

Еліміздің рухани адамгершілік байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы, жастар бойына жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару –жалпы әлеуметтік мәселе.

Осыған байланысты бала тәрбиесі, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау мектепшілік мәдени шараларына тікелей байланысты болып отыр.

3

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

акция, көрме

қазан, наурыз

Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.

Мектепшілік,қалалық деңгейдегі акция, көрмелер дұрыс тамақтану, уақытылы ыстық тамақ қабылдау туралы түсінік қалыптастыруға, оқушылардың ой-өрісін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеуге бағытталады.

4

Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру

жиналыс, баяндама, тренинг

қыркүйек, желтоқсан

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда әлеуметтік педагог негізгі рөл атқарады. Әлеуметтік жұмыс нәтижесінде, отбасы, мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі ол процеске тікелей қатысады.

5

ЖИТС, нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде

семинар, сауаланама

қыркүйек, желтоқсан

ЖИТС, нашақорлық қазіргі таңда адамзаттың әлеуметтік мәселенің біріне айналып отыр. Оның зиянды жақтарын түсіндіру, кеселдің залалын жан-жақты оқушыға жеткізе алу, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру қоғам жауапкершілігі. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Нашақорлық – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіге деген әуестік өмір бойы сақталуы мүмкін. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған туыстарының зор күш-жігерін, қаражат шығындарын қажет ететін, ұзақ та күрделі, қиын процесс екенін оқушыларға түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытты тиімді пайдаланып еліміздің белсенді азаматтары болуға тәрбиелеу.

6

«Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы»

волонтерлік қозғалыс, пікірсайыс

желтоқан, сәуір

Адам баласы үшін ең кымбаттысы – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулық.

Оны сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің» әлде қайда тиімді екенін ұғынып, спортпен шұғылдану, кітап оқу, хоббимен айналысу, еріктілікпен айналысып, бар күш-жігерін өзін-өзі дамытуға бағыттау. Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу педагог парызы пікірсайыс, тәрбие сағаттары негізінде өрбиді.

7

«Таза қала – тірегім»

акция, сенбілік

қыркүйек, мамыр

Акция барысы халықтың тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында жүзеге асады. Шара кезінде қала бойынша тазалық жұмыстарын жүргізіп, үгіт – насихат құралдарын тарату жұмыстарын жүргізіледі.

8

«Бала құқығы – адам құқығы»

Тәрбие сағаты, квест-ойын, челлендж

қазан-қараша

Адам баласы өзінің дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

Сара Алпысқызы

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі болып келеді. Шараның басты мақсаты, оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

9

Жаңа жылдық шара

концерттік бағдарлама

желтоқсан-қақтар

Арнайы санаттағы отбасының балаларына арналған «қалалық, облыстық шыршаға» жолдама дайындау арқылы оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.

10

«Түнгі қаладағы балалар»

жедел профилактикалық шарасы

жыл бойына

Профилактикалық акция жылдың әр мезгілінде ұйымдастырылады. Полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне,тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі.

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Қиындықты басынан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған балалар өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы.

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.

Мектептің санаттағы отбасы категориясын ерекше қамқорлыққа алып, тәрбиесінде қиындық тудыратын балаларға қажетті мөлшерде сүйіспеншілік танытып, дарынды балалардың қабілеттерін дамытып, мотивациялық шара ұйымдастыру әлеуметтік педагог парызы.

Бала тәрбиесінің бала құқығы, салауатты өмір ұстанымы, патриоттық бағыттылығы сипатындағы мерекелер мектептің әлеуметтік іс-шаралар бағытының бірі болып табылады. Өйткені, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Баланың психикалық хәл-ахуалының қалыпты болуы, әлеуметтік қорғалуы, бақытты балалық шақ – болашағы кемел мемлекеттің зор тірегі.

Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мақсаты:

Мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.

Міндеттері:

- Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеу және болжау, сол арқылы әлеуметтік шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, бала үшін білім алуға қолайлы орта құру;

- «Бала-отбасы-мектеп» моделіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;

- Оқушылардың құқықтық, әлеуметтік білімі мен жауапкершілігін қалыптастыру, баланың жан-жақты дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.

Жылдық жоспар Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, ҚР баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген. 

№ р/с
Іс-шаралар
Орындау мерзімдері
Жауаптылар
Есеп беру нысандары
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу
1.
Әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) әзірлеу және оқу жылы ішінде жүзеге асыру
30.08.2023ж.
МДТІЖО Әлеуметтік педагог
Жоспар
2.
Мектептегі білім алушылар туралы мәліметті "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жүргізу
Жыл бойы
Әлеуметтік педагог
ҰББДҚ
3.
Мектептің әлеуметтік паспортын "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жаңарту және құру
29.08-15.09.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Паспорт
4.
Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау
29.08-09.09.2023ж
Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер
Мәлімет
5.
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған, АӘК алатын, сәтсіз отбасынан шыққан, қиын жағдайдағы оқушылар) оқулықпен қамтамасыз ету
15.08-06.09.2023ж
Әлеуметтік педагог Кітапханашы
Мәлімет
6.
Мектеп асханасынан ЖББҚ, арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау және тізімін жасау
29.08.-10.09.2023ж.
МДОІЖО Әлеуметтік педагог
Тізім
7.
Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жасау
10.09.-20.09.2023ж
Әлеуметтік педагог
Тізім
8.
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, тізімін бекіту және журналға тіркеу
29.08-06.09.2023ж.
Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер
Тізім
9.
Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан · Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар; · Үйде оқытылатын және мүгедек оқушылар;
· Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар;
· Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар;
· Толық емес отбасынан шыққан оқушылар; · Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар;
· Өгей әкемен ұл бала, қыз балалар;
· Өгей анамен ұл бала, қыз балаларды анықтау, қажет болған жағдайда журналға тіркеу, тізімін мектеп директорымен бекіту.
29.08-06.09.2023ж.
Әлеуметтік педагог Сынып жетекшіле
Тізім
10.
«29 қазан – Қамқоршылар күні» апталығын ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру және жүзеге асыру
26.10.-31.10.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
11
Сынып жетекшілермен бірлесе әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға «Қайырымдылық» акцияларын, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру, бірлескен іс-шаралар жүргізу
01.09.2023-25.05.2024ж.
Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер
Мәлімет
12.
Мектепте атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде, қажет болған жағдайда БАҚ мақала, пост жариялау
01.09.2023-25.05.2024ж.
Әлеуметтік педагог
Жарияланым
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы
13.
«Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру, бала құқығын қорғау бойынша стендтер орналастыру
03.10-14.10.2023ж
МДТІЖО
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
14
- Оқушылар арасында 442т 2бап 3б ҚР Әкімшілік кодексі туралы мақаланы қаншалықты деңгейде меңгергендігі жөнінде сауалнама өткізу
- Жекелеген санаттағы оқушыларға мемлекеттік қызмет стандарты бойынша қызмет көрсету.
Қыркүйек

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог
Анықтама
15

Әлеуметтік санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Мамыр

Маусым

Әлеуметтік педагог
Анықтама
16.
Мектептің психологиялық қызметі негізінде білім алушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету
Жыл бойы
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
17.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау журналын жүргізу, сынып жетекші, мектеп әкімшілігі және психолог бақылауында ұстау
01.09.2023-25.05.2024ж.
Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер
Мәлімет
18
- Өгей әке тәрбиесіндегі қыз бала статусына байланысты жекелеген педагогикалық бақылау жұмыстарын жүргізу.
Үнемі
Әлеуметтік педагог
Анықтама
19.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында баланың әлеуметтік-материалдық және отбасылық жағдайларына байланысты мектеппен қамтамасыз етілмеуінің алдын-алу бойынша рейдтік шаралар және әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру
01.08.2023-30.09.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Ата-аналар комитеті Сынып жетекші
Мәлімет

ДЖО

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс
20.
Сәтсіз, мектепішілік есепте, қауіпті топтағы оқушыларды анықтап және әлеуметтік жұмыстармен тұрғын үй тұрмыс актісін жасау
Әр айдың 5-не дейін
МДТІЖО
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
21
Әлеуметтік топтағы оқушылардың үй-жайын зерттеу мақсатында тексеру жүргізу
Үнемі
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
22
Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекцияның тізіміндегі немесе мектепішілік есептегі оқушылармен инспектормен кездесу ұйымдастыру
Желтоқсан
Әлеуметтік педагог
Анықтама
23

Өгей әке тәрбиесіндегі оқушыларды бақылау жұмыстарын жүзеге асыру

Үнемі
Әлеуметтік педагог
Анықтама
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім,кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы
24

«Қамқоршылар күндері» айлығын өткізу Балалар ауылы мен қарттар үйіне қайырымдылық шараларын ұйымдастыру

Қазан

Әлеуметтік педагог

Мәлімет
25

Жасөспірім қыздардың арасында ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты медицина қызметкерімен кездесу

Сәуір

Әлеуметтік педагог

Анықтама
26

«Қыз балалар гигиенасы» атты медбикемен кездесу

 
Желтоқсан

Әлеуметтік педагог

Анықтама
27

Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысын өткізу.

Қараша

Әлеуметтік педагог

Баяндама
28
Қалалық білім бөлімінің қамқоршылық бөліміне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жартыжылдық есебін өткізу
02.12.-30.12.2023ж. 01.06.-20.06.2024ж
Әлеуметтік педагог
Іс-құжаттары
29
«Мен өмірді таңдаймын»наркологиялық бекет аясында іс-шара өткізу. Нарколог маманмен кездесу.
Тоқсан сайын
Әлеуметтік педагог
Хаттама
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отба сыларымен) профилактикалық жұмыс
30
Ата-аналар жиналыстарына қатысу
01.09.2023-25.05.2024ж
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
31
Білім алушылар мен ата-аналарға буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жаднама тарату
25.10.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
32
Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау
01.09.2023-25.05.2024ж
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
33
Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды қатыстыру, сыйлықпен қамтамасыз ету
20-30.12.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
34

«Балалардың бақытты балалық шағы- біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында ата-аналарға тренинг-семинар өткізу

қазан
Әлеуметтік педагог
Анықтама
35

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін анықтау мақсатында «Мен және менің жанұям» 5-6 сынып оқушыларына анкета жүргізу

желтоқсан
Әлеуметтік педагог
Хаттама
36

«Ер балалар тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында сауалнама жүргізу, 8-10 сынып

ақпан
Әлеуметтік педагог
Хаттама
37

«Мектеп асханасы ата-ана көзімен» сауалнама

қараша
Әлеуметтік педагог
Хаттама
38
Халықаралық Отбасы куні мерекесіне байланысты «Отбасылық құндылықтардың бала өмірінде маңызы» рухани –танымдық шара
Мамыр
Әлеуметтік педагог
Анықтама
VI. Диагностикалау-талдау қызмет
39
«Буллингке жоқ дей аласың ба?» сауалнамасы 7-8 сынып
06-10.12.2023ж.
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
40
  • Әлеуметтік бейімделуді қажет ететін оқушыларды зерттеу сабағына қатысу.
  • Қамқорлықтағы оқушылар
  • 5 сынып оқушылары
  • Жекелеген санаттағы оқушылар
· Орта сынып оқушыларына педагогикалық бақылау жүргізу
Қыркүйек

Қазан

Қараша

Әлеуметтік педагог
Анықтама
41
«Сыныптағы қарым-қатынас» әлеуметтік семинар
Наурыз
Әлеуметтік педагог
Мәлімет
42
«Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» сауалнамасын жүргізу
Қыркүйек

Қаңтар

Әлеуметтік педагог
Мәлімет
43
Жалпыға бірдей білім қоры және арендатор есебінен ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп оқушыларын түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Қараша
Әлеуметтік педагог
Медбике
Мәлімет
44

«Жасөспірімдер арасында әлімжеттік жасау» сауалнама 7-9 сынып

Желтоқсан
Әлеуметтік педагог
Хаттама
45

Жүргізілген жұмысқа аналитикалық талдау жасап, есебін дайындау.

Маусым
Әлеуметтік педагог
Жылдық талдау